Қазақстандық ғалым ұшақ өндірісіне жаңа материал ұсынды
Қазақстандық ғалым ұшақ жасауға арналған композиттік материал өндірісіне тың тәсіл ұсынды. Мағжан Құтжанов соңғы бірнеше жылдан бері Ресейдегі іргелі зертханада ғылыми жұмыспен айналысады. Ол Қарағанды облысының Құлайғыр ауылында дүниеге келген. Жоғары оқу орнын Қазақстанда тәмамдаған. Жас ғалым шет елдегі зертханаға лаборант болып жұмысқа кірген. Ал бүгінде бірінші дәрежелі ғылыми жоба инженері. Ізденісінің арқасында алюминийден композиттік материал алудың жаңа әдісін ойлап тапқан. Бұл оның осы бағытта ғылыми зерттеулерінің жемісі. Жаңа материалды ұшақ және көлік жасау өндірісінде қолдануға болады.
Мағжан Құтжанов, ғалым:
Алюминийдің салмағын азайтқаннан кейін, ол бізге көп көмегін тигізеді. Біріншісі ол жанармайды үнемдеуге мүмкіндік береді. Мысалы ғарышкерлер ғарышқа ұшқан кезде ең басты критерийлердің бірі – салмақ азайту. Неғұрлым салмақ азайған сайын, соғұрлым жанармай үнемделеді.
Даниил Барилюк, Бейорганикалық наноматериалдар зертханасының қызметкері:
Мағжанмен төрт жыл бұрын таныстым. Ол өте зерек, жауапкершілігі мол азамат. Сонымен қатар, ғылыми мақалалары да жиі басылып тұрады. Өз басым әріптесімді үлгі тұтамын, мақтан етемін.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды
15.08.2026, 16:39
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14