АҚШ-та табиғи апаттан 7 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та табиғи апаттан 7 адам қаза тапты

06.03.2023

АҚШ-тың оңтүстігінде құйын көтеріліп, нөсер жауын жауды. Қолайсыз ауа райынан 7 адам көз жұмған. 1 миллионнан астам тұрғын жарықсыз қалды. Елдегі Ұлттық ауа райы орталығының мәліметінше, күшті дауыл солтүстік-шығысқа қарай ойыса бастаған. Бұл өңірде қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Оның үстіне сағатына 128 шақырым жылдамдықпен жел соғып тұр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу