Жазушы Әбілфайыз Ыдырысовтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптың тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушы Әбілфайыз Ыдырысовтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптың тұсаукесері өтті

26.05.2015
Жазушы Әбілфайыз Ыдырысовтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптың тұсаукесері өтті

Алматыда жазушы-журналист, педагог-ғалым Әбілфайыз Ыдырысовтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптың тұсаукесері өтті.

Жазушының өмірінен сыр шертетін туынды «Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген.

Еңбекте қарымды қаламгердің мақалалары мен сұхбаттары топтастырылған. Замандастар лебізі, мұрағат құжаттары мен фотосуреттері жинақталған.

Әбілфайыз Ыдырысов 1930 жылы Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Егінсай ауылында дүниеге келген. Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде білім алып, кейін «Лениншіл жас», «Қазақстан пионері» газеттерінде жауапты қызметтер атқарған.  

 

Амангелді СЕЙІТХАН 

Хабарламаларға жазылу