Түркия Сыртқы істер министрі қазақ халқына алғыс білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия Сыртқы істер министрі қазақ халқына алғыс білдірді

17.02.2023

Қазақстаннан жіберілген гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына жетті. Апаттан зардап шеккендерге арналған аса қажетті заттар тиелген әуе кемесін Қазақстанның Түркиядағы елшісі мен Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары қарсы алды. Осы қалада орналасқан құтқарушылар гуманитарлық жүкті түсіруге жәрдемдесті.

Түркияның Сыртқы істер министрі Қазақстан Президенті мен қазақ халқына алғыс білдірді. Біздің елден жіберілген 16 тонна жылы киім, уақытша шатырлар мен төсек орындар бірден Адыяман қалысындағы зілзаладан зардап шеккендерге жіберілді.


Хабарламаларға жазылу