Астанада кинотеатрға келушілер ерекше тосынсыйға тап болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада кинотеатрға келушілер ерекше тосынсыйға тап болды

02.03.2023

Астанадағы кинотеатрлардың бірінде келушілер ерекше тосынсыйға тап болды. Фильм көруге келген қонақтар күтпеген жерден жақындарының жүрекжарды тілектерін тыңдап қайтты. Алғыс айту күніне арналған акцияда спортшы жаттықтырушысына, оқушы мұғаліміне, ал сырқатынан айыққан науқас дәрігеріне арнап әсерлі видео жолдаған. Түркия азаматы болса, зілзаладан зардап шеккендерге көмек ретінде қаражат аударғандарға алғысын жаудырды.


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу