Заң жобасы: Пәтер саны аз тұрғын үйлерді басқару өзгереді
Пәтер саны аз үйлерді басқарудың жаңа тәртібі енгізілмек. Бүгін Сенат отырысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша тыңдалған заң жобасы мақұлданды.
Асылбек Данияр, тілші:
Заң көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жақсартуға және күтіп ұстауға бағытталған. Құжатта тұрғын және тұрғын емес үй-жайларға иелерінің белсенділігінің төмендігі, кондоминиум объектілерін тіркеудегі мәселелер көтерілген. Сондай-ақ, Сенат депутаты Бауыржан Қаниев 2019 жылы қабылданған мүлік меншік иелерінің бірлестігіне көшу жөніндегі норманың толық орындалмағанын жеткізді. Басқарудың жаңа нысандарына көшу реформасы аясында көппәтерлі тұрғын үйлердің 85%-ы жай серіктестік нысанына көшті, ал мүліктің меншік иелері бірлестігін небәрі 11,5% -ы таңдады. Заңда қарапайым серіктестік құру кезінде пәтерлер саны бойынша 30 пәтерге дейін шектеу енгізу көзделген. Бұдан басқа, республика бойынша шамамен 10 211 аз пәтерлі үй бар. Мұндай үйлерде пәтерлердің санының аз болуы себепті мүліктің меншік иелері бірлестігіне немесе қарапайым серіктестікке тиімсіз. Бұл тұрғыда басқарудың жаңа нысанын, яғни тікелей бірлесіп басқару ұсынылады.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10