Үкімет басшысы халықты газбен қамти алмай отырған әкімдерді сынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы халықты газбен қамти алмай отырған әкімдерді сынады

22.02.2023

Премьер-министр халықты газбен қамти алмай отырған өңір әкімдерін сынға алды. Әлихан Смайыловтың айтуынша Қарағанды, Ақмола облыстарында газ тарту көрсеткіші тым төмен. Тіпті елордамыз Астанада да көгілдір отынмен қамту жұмыстары өте баяу жүріп жатыр. 

Премьер-министр халықты газбен қамти алмай отырған өңір әкімдерін сынға алды. Әлихан Смайыловтың айтуынша Қарағанды, Ақмола облыстарында газ тарту көрсеткіші тым төмен. Тіпті елордамыз Астанада да көгілдір отынмен қамту жұмыстары өте баяу жүріп жатыр.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

Нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыздыр. Астана әлі де көк түтінге көміліп, ауаның ластану деңгейі бойынша әлемдік рейтингтерде көш бастап тұр. Алматыда екінші ЖЭО-да жаңа бу-газ қондырғысын салу мерзімі кейінге шегерілуде. Өңір әкімдері және «Қазақгаз» компаниясына осы мәселелерді ерекше бақылауға алуы керек. Халықпен етене жұмыс істеп барлық мәселелерді шешуі керек.

Ол үшін әкімдерге бірінші мамырға дейін уақыт беріліп отыр. Яғни соған дейін жұртты газбен қамтуға қатысты нақты жоспарлары болуы керек. Ал Энергетика министрінің айтуынша қазір ел бойынша көгілдір отынмен қамту көрсеткіші небары 53 пайыз. Енді оны жақын арада 60 процентке жеткізу межесі тұр. Тағы бір мәселе газ инфрақұрылымы. Үкімет басшысының айтуынша магистральдық газ құбырларының басым бөлігі 30 жыл бұрын тартылғандықтан желілердің тозуы 60 процентке жетіп отыр. Сондықтан құбырларды жаңартып, уақтылы жөндеу жұмыстарын жүргізуге де ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу