Мәжіліс депутаттары қосымша карантиндік шаралар қабылдауды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары қосымша карантиндік шаралар қабылдауды ұсынды

17.06.2020

Мәжіліс депутаттары ұлттық деңгейде қосымша карантиндік шаралар қабылдауды ұсынды. Вируспен күресте Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдерді сынға алды. Яғни жұқпалы індеттің алдын алу үшін қыруар қаржы бөлінсе де, шынайы жағдай көңіл көншітпейтінін айтып отыр. «Шенеуніктер статистикаға ғана сүйенеді, іс жүзінде жағдай тіпті қиын» деген депутат Үкімет басшысына сауал жолдады. Меруерт Қазбекова науқастарды ауруханаға қабылдамай жатқанына алаңдаулы. Провизорлық орталықтар лық толы болғандықтан емдеу шаралары толық атқарылмай отырғанын айтады. Медицина қызметкерлері қорғаныш құралдарымен жарым-жартылай қамтылған. Тест тапсыра алмай жүргендердің шағымында шек жоқ. Ұзын-сонар кезек. Ал тест құны қарапайым халықтың қалтасына ауыр.  

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу