Жанайдар Сәдуақасовтың 125 жылдығына орай көрме өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанайдар Сәдуақасовтың 125 жылдығына орай көрме өтті

21.02.2023

Бүгін «Алжир» мемориалды-мұражай кешенінде жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың 125 жылдығына орай көрме өтті. Онда көрнекті тұлғаның өмірі мен қызметі жайында сыр шертетін кітаптар мен өнегелі мақалалары қойылды. Қазақ халқы үшін қызметке ерте араласқан алаш қайраткері өз ұлтының ұлы мұратына жету жолында құрбан болған. Ол сауатсыздықпен күресу жолында, қазақ мектептері мен театр өнерінің дамуына үлес қосқан жан еді. Тарихшылар ел үшін көптеген жауапты істерді осы кісінің есімімен байланыстырады. Жанайдар Сәдуақасов үшін құнды болған кейбір жеке заттары мемориалды кешенде сақталуы мүмкін.

Құрман Сәдуақасұлы, туған інісі:
Жанайдар ағаның өзі киген жилеткесі екен. Сіз мынаны киіңіз, далаға шыққаныңызда, суықта жүргеніңізде кеудеңізге суық тимесін деп соны берген екен. Менің бар көрген затым ол кісіден сол. Мынау маған бір қасиетті киім болды. Ол кісі қайтыс болғаннан кейін үйінен алып, өз үйімізге әкеліп, бала-шағама айтып отырайын өзім көріп отырайын.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу