Қарағандыда С.Сейфуллиннің 125 жылдығына орай конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда С.Сейфуллиннің 125 жылдығына орай конференция өтті

25.10.2019

Сәкен Сейфуллин - қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі дүниесінің мақтан етер тұлғасы. Ұлт зиялысының өнегелі өмір жолы, шығармашылығы бауырлас елдерде де кеңінен дәріптеледі. Бұл туралы Қарағандыда өткен «Сәкен Сейфуллин: ұлттық рух және ұрпақтар сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Түркиядан келген ғалымдар кеңінен тоқталды. 

«Конференцияға қатысушылар тарапынан келіп түскен 120 мақала сараланып, соның 95-сі ғылыми жинаққа енді. Шара аясында «Үш арыс» кітабы таныстырылды. Жаңа туындыда Сәкен Сейфулин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровқа қатысты сирек суреттер мен құнды деректер жинақталған.  

Ахмет Шимшек, Сельчук университетінің докторы:

Бізде қазақ студенттер бар. Олармен кейде сұхбаттасамыз. Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев тағы басқа тұлғалар туралы олар өздерінің баяндамаларын жасайды. Содан білеміз. Қазақ патриоттарының ой-пікірлерін үлгі тұтып, сол тұрғыда ойласақ, тек қана қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі дүниесінің болашағы жарқын болады. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу