Түркиядағы қазақстандық құтқарушылар елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиядағы қазақстандық құтқарушылар елге оралды

20.02.2023

Түркиядағы іздеу-құтқару жұмыстарына әлем елдерінен құтқарушылары барған еді. Бізден де аттанған арнайы қызмет, жұмыстарын аяқтап, елге оралды. Жеке құрамның екінші тобы Астанаға ұшып келді. Оларды Түркияның Қазақстандағы елшісі мен Төтенше жағдайлар министрі және әріптестері мен туған туыстары қарсы алды.

Бұл Түркиядан елге қайтқан жолдасын көріп, қуанышы қойынына сыймай тұрған Қымбат Қабылтаева. Жалпы туған топыраққа алпысқа жуық құтқарушы оралды. Құтқарушылар зілзаладан зарлап шеккен Түркиядағы Нұрдағы, Газиантеп және Хатай қалаларында үйінді астында қалғандарды шығаруға атсалысты. 7 азаматын құтқарып, 88 мәйітті алып шықты. Әрі 200-ге жуық тұрғынға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Құтқару операцияларының қорытындысы бойынша бауырлас ел қазақстандық мамандарға алғыс білдірді. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиядағы жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысқан қазақстандық құтқарушылар елге оралған соң лайықты марапатқа ие болатынын айтқан еді

АЛЕКСАНДР АДАМБАЕВ, ҚҰТҚАРУШЫ:

Бірге жұмыс істеп келе жатқанымызға төқрт жыл болды. Аты Гринпис. Бордер колли тұқымды ит. Бұл да бізбен бірге күн-түн демей жұмыс істеді. Басында аздап абыржығанмен, кейін төселіп, жақсы нәтиже көрсете бастады. Бұрын осындай ірі апаттарда болып көрмегенбіз.


Хабарламаларға жазылу