Қазақстандық құтқарушылар Түркиядан оралды
Түркиядағы өртті сөндіру үшін сол елге жәрдемге аттанған жедел топ өкілдері елге оралды. Нұр-Сұлтандағы әуежайда оларды төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен туыстары қарсы алды. 16 құтқарушы маман мен екі МИ-8 тікұшағы орман алқабындағы өртпен күресу үшін үш елдің шекарасын кесіп өтіп 4500 шақырымды еңсерген. Сондай-ақ, әр құтқарушы 8 тәулік бойы Түркияда ауқымды жұмыс жүргізді. Нәтижесінде жедел топ мүшелері өздеріне артылған міндетті толық орындап шықты. Осы сапарда үлкен тәжірибе жинақтағандарын жеткізді.
Әсет Жылқыайдаров, ҚР ТЖМ құтқарушысы:
Өрт сөндіру жұмыстарын жүргізіп, шамамен 300 тонна су төгіп, 80-нен аса ұшу жүргізілді. Әрине тәжірибе болды бірінші шыққанда. Теңіз бойынан өту ол бір үлкен тәжірибе, ұшқыш топ содан өтті. Таулы мекеннен ұшуда кәсіби деңгей керек. Біздің ұшқыштар сол деңгейлерін арттырып келген. Елге оралдық енді, өте қуаныштымыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02