Шаруаларға бөлінетін дизель отыны электронды жүйемен үлестіріледі – министрлік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаруаларға бөлінетін дизель отыны электронды жүйемен үлестіріледі – министрлік

20.02.2023

Шаруаларға бөлінетін дизель отыны енді электронды жүйемен үлестіріледі. Ауыл шаруашылығы министрлігі бағдарламаны әзірлеп, жобаны көптің талқылауына салып отыр.

Бұл жаңашылдық gosargo.kz сайтына жарияланған. Онда егістікке берілетін жанар-жағармайға өтініш қабылдаудың барлық тетіктері ашық көрсетілген. Жалпы биыл 23 миллион гектардай жерге егін егу жоспарланған. Көктемгі дала жұмыстарына 400 мың тоннадан астам дизель отыны қажет. Жоба әлі де пысықталып, толық сүзгіден өткен соң іске қосылмақ.

Дамир Егізбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі:

Дизель отынын алушылар тізімі жанағы айтқан gosargo.kz порталында автоматтандырылған режимде жасалады. Қазіргі уақытта бұл ұсынысымыз немесе норматив дейміз ғой қағидалар жобасы салалық қоғамдық ұйымдар мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында қаралу үстінде.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу