Биыл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 230 мың тонна дизель отыны жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 230 мың тонна дизель отыны жеткізілді

11.05.2022

Биыл ақпан-сәуір айлары аралығында ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 230 мың тонна дизель отыны жеткізілді. Энергетика вице-министрінің айтуынша, жанармай тапшылығы болмайды. Арзандатылған бағамен 400 мың тонна бөлінген. Тиеп-жөнелту жұмыстары тәулік бойы қадағаланады. Жыл соңына дейін дизель отынының ашық бөлінуін бақылау үшін деректер базасын құру көзделген. Электронды-ақпараттық жүйе жанар-жағармайды шаруаларға тікелей жеткізуге мүмкіндік береді. Дизель отынына шекті баға бекітілген. Дегенмен кей өңірлерде құны әртүрлі болуы мүмкін. Оның себебі тасымалға байланысты.

Әсет Мағауов, ҚР Энергетика вице-министрі:

Көктемгі егіс жұмыстарына арналған дизель отынының бағасы МӨЗ-де 1 тоннасы үшін 212 мың теңгені құрайды. Өңірлерге дейін жеткізуді және сақтауды ескере отырып, АШТӨ үшін болжамды баға бөлшек сауда бағасынан орташа алғанда 15-30%-ға төмен болады.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу