Жаңа бағыттағы «Гауһартас» көрермен назарына ұсынылды
Дулат Исабековтың «Гауһартасы» көрермен назарына жаңа бағытта, жаңа жанрда ұсынылып жатыр. Қазір Музыкалық жас көрермен театрында қойылымның музыкалық драмасының премьерасы өтіп жатыр.
Асылбек Данияр, тілші:
Жазушы, драматург Дулат Исабековтің қаламынан туған ең алғашқы тырнақалды көлемді прозалық туынды «Гауһартас» повесінің сахналық нұсқасын көрермен асыға күткен сияқты. Зал лық толы, ине шаншыр орын жоқ. Ақпан айы бойынша билет жоқ. Әрине, қойылымның бірден бір ерекшелігі - аты айтып тұрғандай музыкалық жанрда. Автордың айтуынша, туындыны әскерде жүріп жазған. Оқырмандардың сұрауы бойынша 5 тілге аударылған. Дулат Исабеков сахнадағы «Гауһартасты» көруге асық екенін жеткізді. Қобалжу да бар, дейді.
Қойылымда жетпісінші жылдардағы өмір суреттеледі. Бас кейіпкерлер: жас келін әнге ғашық Салтанат пен жары Тастан және ақынжанды қайнысы Қайыркен. Жалпы, мұнда отбасылық құндылықтарды да дәріптейді десек те болады. Спектакальдің қоюшы-режиссері - Асхат Маемиров.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10