Түркияда 10 күн бойы құтқару шараларын жүргізген қазақстандық құтқарушылар жұмысын аяқтады
Алапат зілзаладан соң Түркияда 10 күн бойы іздеу-құтқару шараларын жүргізген қазақстандық құтқарушылар өз жұмысын аяқтады. Алдымен Нұрдағы қаласындағы 35 құтқарушы өздеріне тапсырылған учаскеде барлық жұмыстарды бітірді. 3 адамды үйінділер астынан алып шықты. Одан кейін Газиантеп қаласындағы құтқарушы топ та жұмысын аяқтап, техникалары мен құрал-саймандарын жиыстырды. Он күн ішінде біздің құтқарушылар 8 адамды үйінді астынан алып шықты. Газиантеп қаласында құрылған жылжымалы аурухана да жиналды. Дәрігерлеріміз осы күндері 140 жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсетті. Оның он жетісі бала. Ертең құтқарушыларымыздың алғашқы легі елге орала бастайды.
Ибрахим Күлшімбаев, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары:Берілген тапсырмаларды орындап, жұмыстарды аяқтап жатырмыз. Қолымыздлан келгенше күшіміздің бәрін салдық. Күн-түн демей кезекшілікке бөлініп құтқарушыларымыз жұмыс істеп жатыр. Өте қауіпті жұмыс екенін өздеріңіз көріп тұрсыздар. Басқа мемлекеттердің, осы Түрік елінің құтақрушыларының да жарақат алғанын көріп жатырсыздар. Тәртіптің арқасында осы жұмысты аман-есен аяқтап жатырмыз.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Блогерлер өткізетін ұтыс ойындарын мемлекет бақылай ала ма?
27.10.2025, 20:32
Түркияда Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды
27.10.2025, 17:56
Әлем чемпионаты Таеквондодан ел қоржынына екінші қола жүлде түсті
27.10.2025, 17:00
Еуропарламент депутаттары Республика күнімен құттықтайды
27.10.2025, 16:56
Брюссельдегі «Manneken pis» мүсініне қазақтың шапаны кигізілді
27.10.2025, 16:55
Астанада ақын Қадыр Мырза Әлінің мұрасы насихатталды
27.10.2025, 16:54
Қонаев қаласында 550 дрон мемлекеттік рәміздерді бейнеледі
27.10.2025, 16:53
Шымкент қаласының тұрғындары Республика күнін тойлады
27.10.2025, 16:52