Мемлекет басшысы Степногорск қаласының тұрғындарымен кездесті
Алтын өндіретін «Бестөбе» шахтасының проблемасы шешілуі тиіс. Мәселе Президент бақылауында. Үкімет пен жергілікті органдарға тиісті тапсырма жүктеген Мемлекет басшысы Степногорск қаласының тұрғындарымен жүздесті. Жұрт арыз-шағымын айтуға мүмкіндік алды. Шалғай елді мекендерден келіп уәжін жеткізгендер де бар.
Тұрғын:
Бестөбе алтын өндіретін шахталары 2021 жылдан бері тоқтап тұр. 1300 шахтер жұмыссыз отыр. Олардың отбасы бала-шағасы бар. Қазіргі уақытта шахтаны су басып жатыр. Соған шұғыл түрде сізден көмек сұраймыз.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Бұл мәселені шешу керек. Сондықтан Үкіметке тиісті тапсырманы мен бердім. Таяу арада шешіп аламыз деп айта алмаймын. Дегенмен бұл мәселе менің бақылауымда болады.
Сондай-ақ, қала тұрғындары экологиялық ахуалға алаңдаулы Степногорсктегі ПХД қалдықтарын сақтауға қатысты қиындықтарды айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Мен бұл мәселеден хабардармын. Маған утилизация бойынша шағын кәсіпорын салу жөнінде шешім бар екені жөнінде баяндады. Мұндай шешімді қолдаймын.
Асима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген
18.12.2025, 20:54
Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
18.12.2025, 20:50
Әлем жаңалықтарына шолу
18.12.2025, 20:15
Отандық арналар Түркияда хабар таратады
18.12.2025, 20:14
Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
18.12.2025, 20:14
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті
18.12.2025, 20:09
Түркістанда көпір қирап, қатынас үзілген соң оқушылар онлайн оқып жатыр
18.12.2025, 20:09
Автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері екі есе өседі
18.12.2025, 20:08