Еліміздегі мектептерде күзет күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі мектептерде күзет күшейеді

14.02.2023

Петропавлдағы оқыс оқиға кезінде зардап шеккен екі бала жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы тұрақты. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Үшінші бала үйінде ем алып жатыр. Оқыс жағдай болған 4-ші мектептің оқушылары бүгін онлайн оқыды. Ертең олар қайтадан палатаға оралады. Қаладағы мектептерде оқушылардың қауіпсіздігігін қамтамасыз ету деңгейін тексеру үшін арнайы жұмыс тобы құрылмақ. Білім мекемелеріндегі бейнебақылау, күзет және дабыл тетігінің жарамдылығы мен турникет жүйесінің бар-жоғы анықталады.

Бүгінде облыстағы 400-ден астам мектептің 25-і ғана аталған қондырғымен жабдықталған. Биыл 50 мектеп арнайы күзет қызметімен қамтылмақ. Бұл үшін 100 млн теңге бөлінді.

Нәзір Жәшібеков, облыстық Білім басқармасының басшысы:

Министрлік бекіткен ережеге сай, жалпы білім беретін мектептер оқушы саны бойынша 3 санатқа бөлінеді. Біріншісіне мамандандырылған күзет пен бақылау жүйесі бар турникет керек емес. Өңірде 2 және 3-ші санатқа жататын 50 мектеп бар. Биыл олар мамандандырыған күзетпен қамтамасыз етіледі. 


Хабарламаларға жазылу