Балалардың құқығын қорғайтын заң әзірленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалардың құқығын қорғайтын заң әзірленді

12.03.2019

Балаларының құқығын шектеп, зорлық-зомбылық көрсеткен ата-аналардың үстінен енді қылмыстық іс қозғалады. Осындай өзгерістерді қамтыған заңды Парламенттің қос палатасы бірлесіп әзірледі.

Бұрын ондай ата-аналарға тек әкімшілік шаралар қолданылатын. Осы күнге дейін облыстық балалар құқығын қорғау комиссиясы формальді түрде жұмыс істесе, енді олардың құзіреті күшейеді, мұндай мекемелер шешім шығару мәртебесіне ие болады.

Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Қиын жағдайда қалған балалар бар емес пе? Соларға психолог бөлінеді, сосын оларды бұрын бөлек оқытатынбыз, енді  орта мектептерде оқытамыз.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу