ОСК «Байтақ» жасылдар партиясының кандидаттарын тіркеді
Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауына қатысатын бесінші саяси ұйымның кандидаттарын тіркеді. Ол – «Байтақ» жасылдар партиясы. Толығырақ студиямен тікелей байланысқа шыққан тілшіміз Асылбек Данияр ақпарат беруге дайын. Асылбек, саяси науқанға бірінші рет қатысқалы тұрған партиядан қанша кандидат тіркелді?
Асылбек Данияр, тілші:
«Байтақ» жасылдар партиясынан депутат болғысы келетіндердің саны - 18. Бұл тізімде 7 кандидат: әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар. Орталық сайлау комиссиясы барлығы Конституция мен «Сайлау туралы» заңның талаптарына сәйкес деп таныды. Партия квота нормасын 38,9 пайызға орындаған. Жаңа айтып кеткендей, «Байтақ» жасылдар партиясы Мәжіліс сайлауына бірінші рет қатысатындықтан, саяси ұйым 18 миллион 900 мың теңге сайлау жарнасын комиссия шотына жіберген. Партия өкілі науқанға дайындықты бастап кеткенін жеткізді.
Қайрат Айтбай, «Байтақ» жасылдар партиясының өкілі:
Халықтың арасындағы қарапайым өсіп келе жатқан ел танитын, жұрт танитын азаматтарды біз шығару орталыққа. Заңгерлер бар арамызда, экологтар бар, оның ішінде жақсы мамандар және энергияны қайта өңідейтін мамандарымыз бар.
Саяси ұйым кандидаттары тіркелген соң, Орталық сайлау комиссиясы партияға арнаулы шот ашу үшін банкке мәліметтерін жолдады. Айта кетейік, тіркеу сенбі сағат 18:00-де аяқталады. Әрі қарай науқан үгіт-насихат науқаны басталады. Сайлау 19 наурызда өтеді. Мендегі бар ақпарат осы.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10