«Ақ жол» партиясының кандидаттары ресми тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақ жол» партиясының кандидаттары ресми тіркелді

13.02.2023

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясынан 54 адам Мәжіліс сайлауына қатысады. Орталық сайлау комиссиясы саяси ұйымның кандидаттарын ресми тіркеді.

Асылбек Данияр, тілші:
«Ақ жол» партиясының сайлауға қатысатын құрамы 60 пайызға жаңартылыпты. Бұл құрамда саяси ұйымның 5-6 шақырылымының депутаттары да бар. Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі сайлауына қатысуға ниет білдірген 54 үміткердің барлығы Конституция мен «Сайлау туралы» заңның талаптарына сәйкес келетіндігін мәлімдеді. Кандидаттардың 18-і әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Партия квота нормасы 33,3 пайызға орындалған. «Ақ жол» партиясы алдыңғы сайлауда таңдаушылардың 10,95 пайыз жинауына байланысты сайлау жарнасын төлеуден босатылды.

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
Бүгін «Ақ жол» партиясының партиялық тізім бойынша ұсынылғандар тіркеуден өтті. Өзімізді де сіздерді де құттықтаймыз. Ол деген еліміздің демократиялық дамуындағы тағы бір қадам деп санаймыз. Тізімізде тәжірибелі депутаттар бар. 20 адам ол жергілікті филиалдарымыздың басшылары мен өкілдері.

Саяси ұйым кандидаттары тіркелген соң, Орталық сайлау комиссиясы партияға арнаулы шот ашу үшін банкке мәліметтерін жолдады. Айта кетейік, бүгін «Ақ жол партиясының» Астана қаласы бойынша мәслихат депуттығына ұсынылған үміткерлері де ресми тіркелді. Жалпы, кандидаттарды тіркеу алдағы сенбі күні сағат 18:00-де аяқталады. Әрі қарай науқан үгіт-насихатпен жалғасады. Сайлауға 34 күн қалды. Менде әзірге бар ақпарат осы.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу