АҚШ әскерилері Канадамен шекаралас жерде тағы бір белгісіз ұшатын нысанды атып түсірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ әскерилері Канадамен шекаралас жерде тағы бір белгісіз ұшатын нысанды атып түсірді

13.02.2023

АҚШ әскерилері Канадамен шекаралас жерде тағы бір бегісіз ұшатын нысанды атып түсірді. Бұл Қытай аэростатынан кейін бір аптаға жетер жетпес уақытта көзі жойылған төртінші аппарат.

Жалғас Сәдібекұлы, журналист:

Сегізбұрышты нысанды америкалық жойғыш ұшақ Канада аумағында атып түсірген. Пентагонның хабарлауынша, шар тәрізді белгісіз құрылғы елдің ішкі әуе қозғалысына кедергі келтірген. Өйткені қауіпті аэростат жергілікті жолаушылар ұшақтары пайдаланатын алты шақырым биіктікте ұшқан. Салдарынан АҚШ 24 сағат ішінде екі рет әуе кеңістігін жабуға мәжбүр болды. Канада премьер-министрі де нысанның өз елің аумағына құлағанын растады.

Джастин Трюдо, Канада премьер-министрі:

Кеше белгісіз нысан Канаданың әуе кеңістігіне заңсыз енді. Бұл азаматтық ұшақтарға қауіп төндірді. Сондықтан мен оны атып түсіру туралы бұйрық бердім. Қазір арнайы топ нысанды тауып, талдау жүргізу үшін құлаған жерін іздестіріп жатыр.

Бұл нысандардың қай елге тиесілі екені әзірге белгісіз. АҚШ пен Канада басшылары телефон арқылы сөйлесіп, оны бірлесіп анықтауға уағдаласты. Ең бастысы сарапшылар олар қандай мақсатта жіберілді және не себепті жиілігі артып кеткенін шұғыл анықтауы керек. Қазірі мәлімет бойынша, соңғы нысан алғашы қытай аэростатынан әлде қайда шағын болған. Күрделі басқару құрылғылары да орнатылмаса керек. Десе де әскери базалардың үстімен өткені анықталған. Сондықтан әсерилер ол да тыңшылық мақсатта пайдаланылған болуы ықтимал, дейді.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу