Стамбұл қазақтары зілзаладан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинады
Стамбұл қазақтары зілзаладан зардап шеккендерге 160 мың доллар жинап берді. Бұл туралы еліміздің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Стамбұлдағы Бас консулдық, шаһарда тұратын Қазақстан азаматтары, студенттер, сонымен қатар жергілікті қазақ диаспорасы гуманитарлық көмек жинауда белсенділік танытып жатыр. Қаржылай қолдаудан басқа өңірлерге балалар киім-кешегі мен тамақ, азық-түлік, көрпе секілді бұйымдар жөнелтілді. Гуманитарлық көмек Түрік Үкіметінің үйлестіруімен жүзеге асырылып жатыр. Бас консул Алим Байель қиын кезеңдегі көмектері мен қолдаулары үшін стамбұлдық қазақтарға ризашылығын білдірді.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды
15.08.2026, 16:39
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14