Асанәлі Әшімов Алматыдағы Қыздар университетінің студенттерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асанәлі Әшімов Алматыдағы Қыздар университетінің студенттерімен кездесті

05.02.2015
Асанәлі Әшімов Алматыдағы Қыздар университетінің студенттерімен кездесті

Қазақстанның Халық әртісі  Асанәлі Әшімов Алматыдағы Қыздар университетінің студенттерімен кездесті

 «Ұрпақтар сабақтастығы - жастарға өнеге» атты кездесуде Өнер және мәдениет факультетінің тәлімгерлері сахналық қойылым қойып, өнерлерін көрсетті.

Театр өнерінің майталманы оқу орнының ең үлкен марапаты - «Ұлағат» алтын медалімен марапатталды.

Кездесу барысында Асанәлі Әшімов жастарға өнер мен өмір мектебінен көрген-білгендерін айтып, қазақ аруларына игі тілегін білдірді.  

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу