Зілзала аймағында болған 18 адам елге оралды
«Мемлекет басшысы мен Сыртқы істер министрлігіне рақмет! Бізді сырт елде, қиындық құрсауында қалдырмады». Түркияның Газиантеп қаласынан арнайы рейспен ұшып келген отандастарымыз осылай дейді. Олардың ел билігіне айтар алғысы шексіз. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай түрік еліне құтқарушыларды апарған ұшақ бос қайтпай, елге оралуға ниеттенген 18 адамды алып келген. Оның 16-сы қазақстандық, тағы 2 адам қырғыз азаматы. Қазақстандық кәсіпкер Асадулла Арыстанов Газиантепке жиырма екінші қаңтарда жұмыс бабымен барған. Кәсіпкер Иран мен Түркиядан тоқыма бұйымдарын, кілемдер әкеліп сатады. Төтенше жағдай кезінде қонақ үйде болған. «Ғимараттың бесінші қабатқа дейін жарылғанын көріп шошыдым»- дейді ол.
Асадулла Арыстанов - қазақстан азаматы:
Жараланғандарды өз көзіммен көрмедім. Бірақ, адамдардың сол дүмпуден қорқып жеңіл киіммен шығып кеткендерін өз көзіммен көрдім. Футболкамен, тіпті аяғына ештеңе кие алмаған. Мен мұндай жер сілкінісін бірінші рет көруім, өте қатты болды. Мемлекетімізге көп алғыс. Мен ертесіне консулдықтың сайтына кіріп, телефонға хабарласып едім, бірден жауабын беріп, әуежайға барыңдар деді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ халық ертектері татар тіліне аударылды
05.03.2026, 13:21
Халық пікірі: Жаңа Конституция жобасы – әділетті қоғам негізі
05.03.2026, 13:18
Бельгияда Конституция жобасы талқыланды
05.03.2026, 13:15
ШҚО-да туберкулездің алдын алу екпесінен бас тартатындар көбейген
05.03.2026, 13:12
Politico: Ирандағы соғыс 100 күнге созылуы мүмкін
05.03.2026, 13:09
БҚО-да 108 адам қызылша жұқтырған
05.03.2026, 13:06
Алматы облысында стоматологиялық клиника медициналық сақтандыру қорынан 66 млн теңге жымқырған
05.03.2026, 13:03
Атыраулық отбасы ісі бойынша күдіктілер Қазақстанға жеткізіледі
05.03.2026, 13:00