Түркиядағы жер сілкінісі: Құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр
Түркиядағы апаттан соң екі тәуліктен аса уақыт өтті. Жер сілкінген облыстарда құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Осынша уақыт өтсе де үйінділер астынан бірнеше адам құтқарылған.
Айдос Әшімұлы тілші:Үйінді астында қалған мыңдаған адамды құтқару үміті азая бастады. Дегенмен әлі де сүйінші хабарлар келіп жатыр. Жаңа ғана жеткен ақпаратқа сай Кахраманмарашта 61 жастағы ер адам үйінді астынан шығарылған. Құтқарушыларға көмектесіп жүрген 47 жастағы экскаватор жүргізушісі қирандылар арасынан әкесінің дауысын естіп, оны алып шығуға өзі де атсалысқан. 14 сағатқа созылған құтқару операциясынан кейін Салман Айдемир есімді азамат аман-есен шығарылды. Әрбір сәт қымбат болғандықтан, алпыс мыңнан аса құтқарушы күн-түн демей жұмыс істеп жатыр.
Зілзаладан зардап шеккендерге барлық азаматтар қолдарынан келген көмекті жасап жатыр. Түркияда тұратын қазақстандықтар да одан қалыс қалған жоқ. Кеше осында оқитын студенттер мен кәсіпкер азаматтар бірлесіп, апат аймағындағыларға бір жүк көлігі толы азық-түлік жіберді. Соңғы ақпараттарға сүйенсек, жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 5894 адамға жетті. Жаралылар 35 мыңға жуық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбырадан эстрадаға дейін: Айзат Қарабекова ұлттық өнерді сахнада таныстырады
23.09.2026, 12:26
Қазақстанда AI MONTH 2026 басталады
23.09.2026, 10:24
Азия ойындарының жеңімпаздары елге оралды
23.09.2026, 10:08
Трамп Иранмен бейбіт келісім жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді
23.09.2026, 10:08
Азиада: Спортшылар 4 медаль жеңіп алды
23.09.2026, 10:06
Қазақстан делегациясы БҰҰ 81-сессиясына қатысып жатыр
23.09.2026, 10:05
Құрылтай отырысы басталды
23.09.2026, 10:05
Түркияда жасөспірім оқушыларға оқ атып, 11 адам жараланды
23.09.2026, 10:04