Алматыда Гүлфайрус Исмаилованың жеке көрмесі ашылды
Биыл көрнекті қылқалам шебері, Қазақ КСР-нің халық суретшісі Гүлфайрус Исмаилованың туғанына - 85 жыл. Осыған орай Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында суретшінің жеке көрмесі ашылды.
Көрмеге шебердің қондырғылы кескіндеме және театр кескіндемесі бағытындағы картиналары қойылды. Портрет пен натюрморт жанрындағы туындылары да көпшілік назарына ұсынылды.
Гүлфайрус Мансұрқызы бейнелеу өнерінің дамуына үлкен үлес қосты. Артына сан алуан көркемдік мұра қалдырды. Қылқалам шеберінің Қыз Жібек рөліндегі Күләш Байсейітова, Ақтоқты рөліндегі Шолпан Жандарбекова және «Қазақ вальсі» картинасындағы Шара Жиенқұлованың портреттері қазақ сурет өнерінің классикасына айналды.
Аманкелді СЕЙІТХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстау облысында газ өңдеу зауыты мен жаңа әуежай салынуда
15.09.2026, 13:18
Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
15.09.2026, 13:15
Әлемде мұнай қымбаттап барады
15.09.2026, 13:12
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
15.09.2026, 13:09
Қазақстан мен Корея арасында инвестициялық ортақ қор құрылуы мүмкін
15.09.2026, 13:06
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады
15.09.2026, 13:03
Президент Lotte Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
15.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басты мақсат - халықтың экологиялық мәдениетін одан әрі арттыру»
15.09.2026, 10:32