Павлодар мұнай-химия зауытының жекеге өткен дүние-мүлкі кері қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар мұнай-химия зауытының жекеге өткен дүние-мүлкі кері қайтарылды

07.02.2023

Павлодар мұнай-химия зауытының заңсыз түрде жекеменшікке өтіп кеткен дүние-мүлкі кері қайтарылды. 

Кәсіпорынның бұрынғы басшылығы аустсорсинг компаниялар ашып, жерді, зауыт өндіретін дизель отынына қажетті қоспалар шығаратын құрылғыларды да беріп жіберген. Тергеу барысында олар кінәларын толық мойындады. Сот зауыттың экс-директорлары Шухрат Данбай мен Оспанбек Әлсейітовті 3 жыл 6 ай мерзімге, Ержан Атақұловты алаяқтық бабы бойынша 5 жыл шартты мерзімге бас бостандығынан шектеді.

Мақсат Сағын, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел уәкілі:

Шухрат Данбай осы кәсіпорынға тиесілі құны 44 млн теңге тұратын жер учаскесін 6 млн теңгеге «ЕртісНефте Сервис» компаниясына заңсыз сатып жіберген. Сонымен бірге қоспаларды шығаратын торап орналасқан ғимаратты да беріп жіберген. Сөйтіп «Ертіс нефте Сервис» фирмасын ашып оған өзіне бағынышты қызметкері Атақұловты бақылаушы қылып қойды. Бұдан кейін зауыт директоры Әлсейітов пен Атақұлов келісімшарттар жасап, тендерлерді өздеріне алып отырған. Осылайша соңғы 4 жылда 753 млн теңге көлемінде қаржы жымқырған. 

Бұл қаржы мемлекетке толығымен қайтарылды. Қазір еліміздің қаржылық мониторинг агенттігі Атырау мұнай-химия зауытында да демонополизация және делдал фирмалар арқылы қаржы ұрлау дерегін анықтап, тергеп жатыр.


Хабарламаларға жазылу