Павлодар облысына - 80 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысына - 80 жыл

16.01.2018

Биыл Павлодар облысының құрылғанына - 80 жыл. Бұл - экономикасы қарқынды дамып, Тәуелсіз еліміздің тұғырын биіктетуде ерекше орын алатын аймақ. Өңірдің тарихын көпшілікке таныстыру мақсатында орталық кітапхана ұжымы 6 секцияны біріктірген арнайы көрме ұйымдастырды. Онда 300-ден аса маңызды құжат қойылған. Негізі, облыс құрылған 1938 жыл тарихта ұжымдастыру кезеңі болып қалды. Сондықтан, бастапқы уақытта ауыл шаруашылығын дамытуға баса мән берілді. Соғыс жылдарынан кейін барып Павлодарды өндірісті өлкеге айналдыру ісі қарқын алды. Себебі, 19-шы ғасырда бұл аумақта бағалы металдардың кені табылған болатын.

Ханшайым Мақажанова, облыстық Мемлекеттік архив басқармасы басшысының орынбасары:

- Біздің облысымызда өнеркәсіптің қарқынды дамыған кезеңі 1960-1980 жылдар. Одақтық көлемде маңызы зор «Павлодар Алюминий» зауытының, Павлодар трактор зауытының, Павлодар мұнай өндеу зауытының іске қосылуы, химия өнеркәсібінің дамуы жөніндегі мәліметтер бар.

Ал, Тәуелсіздік алғаннан кейін өңірде әлеуметтік, тұрмыстық жағдай оң өзгеріске бет бұрды. Павлодар инвестициялық тартымдылығы жоғары еліміздің рухани-мәдени орталықтарының біріне айналды.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу