Павлодар мұнай-химия зауытының ұжымы Астананың  Нұр-Сұлтан болып өзгеруін қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар мұнай-химия зауытының ұжымы Астананың  Нұр-Сұлтан болып өзгеруін қолдайды

26.03.2019

Павлодар мұнай-химия зауытының ұжымы Астананың  Нұр-Сұлтан қаласына өзгеруін қолдайды. Кәсіпорында 1700-ден астам еңбеккер бар. Солардың 800 ге жуығы бүгін арнайы шараға қартысты. Қазіргі уақытта зауыт жылына 6,5 миллион тонна мұнай өндіру мүмкіндігіне қол жеткізді. Барлық өнім Кеден одағы техникалық талаптарына толық сәйкес келеді. Яғни,  к4, к5 стандарты енгізілді. Бұл-  кәсіпорындағы жаңғырту жұмыстарынан кейін қол жеткен нәтиже.

Ал, зауыт ұжымы барлық табыстары мен жетістіктерін Елбасының есімімен байланыстырады. Себебі, өндірістің бәсекеге қабылеттілігін арттыру, инновациялық технологияларды игеруде кәсіпорын алдымен мемлекеттік бағдарламаларға иек арту арқылы игілікке қол жеткізеді.

Саятай Әліпбаев, Павлодар мұнай-химия зауытының департамент басшысы:

Елордамызды Нұр-Сұлтан деп атаудың өзі бекерден- бекерге алынып отырған жоқ. Елбасымыздың еңбегін бағалап, халық өзі бағасын беріп жатыр. Бүкіл әріптестеріміз осы бастаманы бірауыздан қолдап, Елбасымыздың атын бергеніне өт қуаныштымыз.   

 

Болат АМАНБАЕВ 

 

Хабарламаларға жазылу