Түркиядағы жерлесіміз зілзала кезінде үйден жалаң аяқ қашып, қауіпсіз жерге жеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиядағы жерлесіміз зілзала кезінде үйден жалаң аяқ қашып, қауіпсіз жерге жеткен

07.02.2023

Түркиядағы апатқа ұшыраған Қазақстан Республикасының азаматтары тиісті көмек алу үшін төмендегі байланыс нөміріне хабарласуға болады:

Консул Темірлан Сайлауұлы: + 90 538 880 70 41 

Кезекші комендант: + 90 312 491 91 00.

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін арнамыздың тілшілері сол елдегі қазақстандық азаматтарды іздеп, қазіргі ахуалдарын біліп, қандай да бір көмек керек пе екенін сұрап жатыр. Солардың бірі - Газиентеп қаласының тұрғыны, отандасымыз Жадыра Асанқызы. Ол жер сілкінісі басталғанда үйінде отбасымен бірге болған. Олар жалма-жан, тіпті жалаң аяқ далаға шығып, қауіпсіз жерге жеткен екен. 

 Жадыра Асанқызы, Газиантеп қаласының тұрғыны:

Ұйықтап жатып шошып ояндық. Баланы алып шықтық. Қорқынышты дауыстар болды. Аяққа ештеңе кимей. Үй өте қатты тербеліп тұрды, үстімізге құлайтын сияқты. Жалаң аяқ жүгіріп барып, алысқа кеттік. Жолдасымның жұмыс жері бізге тамақ берді, жатақхана дайындап жатыр. Ешкім үйіне барғысы келмейді. Өйткені қорқынышты. Түске дейін, түстен кейін де бірнеше рет болды.

Азамат Бейбітүлы

Хабарламаларға жазылу