Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
Өскеменде волонтерлер демалыс алаңдары мен көше бойын күл қоқыстан арылтып, экологиялық акцияға ат салысты.
20-ға жуық ерікті жұмыла саябақтағы демалыс орындарын, спорт алаңқайлары мен көгалды тазартып шықты. Жалпы жыл басынан бері қаладан 2 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылған. Мұндай игі шаралар өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалғаса бермек.
Тұмар Уатқанова, ерікті:
«Таза Қазақстан» акциясы аясында қаламыздың жастарына және қала тұрғындарына экологиялық тазалықтың мәдениетін сақтауға шақыратын белгілі бір шаралардың бірі. Сондықтан барлық тұрғындары және жастар өздерінің белсенділігін көрсетіп, бүгінгі таңда «Сәулетай» қалалық паркінде тазалық жұмыстарын жоғары деңгейде атқарып шықты.
Ал Қостанай облысындағы Ұзынкөл ауданының тұрғындары 2000 түп гүл егіп, ауыл ажарын ашты. Тағы барқыт, нарғызгүл, хризантема сынды барлығы 17 мың түп көше бойы мен гүлзар мен бақтарға егілуі тиіс. Жалпы биыл «Таза Қазақстан» акциясы арқасында өңірде 2 мыңнан аса көшет отырғызылды.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09