Басты Жаңалықтар ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады

ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады

- Қанша бал?
- 140.

Иә, бұл биылғы басты білім бәйгесі Ұлттық бірыңғай тестілеуде оза шапқан оқушылардың қуанышы. Шымкенттік Айсұлтан Жаңбырбай мен Түркістан қаласының тумасы Жасур Нышанбаев мүмкін болған 140 балдың барлығын жинап, ең үздік нәтиже көрсетті.

Айта кетерлігі, ел назарына іліккен екі оқушы да бір сыныпта білім алған әрі  бірдей бейіндік пән таңдаған. Тіпті болашақ мамандықтары да ұқсас. Олар ҰБТ-да Дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілі пәндерін таңдаса, халықаралық IELTS емтиханынан да 6,5 балл иеленген. Екеудің еңсерген бұл жетісті ҰБТ-да ғана емес, халықаралық деңгейдегі білім алуға дайын екендерін көрсетті.

Айсұлтан Жаңбырбай, түлек:

Қуанышты сәт, бірақ мен өзім 140 балл алатыныма сенімді болдым. Сондықтан сезімім қатты болды деп айта алмаймын. Қаншалықты еңбек етіп, тырысқаныңа байланысты деп ойлаймын. Сондықтан да тек қана оқи берген ол дұрыс шешім деп ойлаймын. Ең алдымен сол анам мен әкеме алғыс айтамын. Шымкенттен Түркістанға жіберіп оқытқанына, солардың маған көптеген қаражат бөліп жатқанына алғысымды шексіз білдіремін.

Білім бәсекесіне түскен тараздық оқушылар да таң қалдырды. Ұлттық бірыңғай тестілеуде қатарластарынан қара үзіп шыққан Нұрғанат Қанат 140 балл жинады. Білімпаз өренге бағындырған белесі үшін 50 млн теңгенің пәтері сыйға берілді. Дәл осындай ең жоғары балды Тұрар Рысқұлов ауданы Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектеп оқушысы Назерке Сәрсенбай да алды. Олар тестілеу нәтижесі тынбай ізденіп, тыңғылықты дайындалған еңбектің арқасы екенін айтады.

Назерке Сәрсенбай, түлек:

ҰБТ-дан 140 алуым үшін менің бір жарым жыл уақытым кеткен болатын. Себебі халықаралық эмтихандарым IELTS, Іtest секілді экзамендерім маған осыдан балл қосып беріп тұр. Енді өзімнің еңбегімінің жемісі деп ойлаймын. Халықаралық қатынастарға түссем ба деген ойым бар. Себебі сол жақтан өзімнің орнымды табамын деген үміттемін, яғни өзім секілді ойлайтын адамдарды табуды жоспарлап отырмын.


Бөлісу