Түркияда зілзала құрбандарының саны 3 мыңға жуықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда зілзала құрбандарының саны 3 мыңға жуықтады

07.02.2023

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Түркияда бір күнде болған екі бірдей қуатты зілзала құрбандарының саны 2900-ден асты. 16 мыңға жуық адам жараланған. Қаза тапқандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Іздеу-құтқару, үйінділерді тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Трагедияға байланысты елде 7 күндік ұлттық аза тұту жарияланды. Ақпанның 12-не дейін күллі ел аумағында мемлекеттік тулар жартылай төмен түсірілді.

Фахреттин Коджа, Түркияның денсаулық сақтау министрі:

Қайтыс болған барша азаматымыз Алланың мейіріміне бөленіп, жараланғандар тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Халқымызға көңіл айтамын.

Түркияға көршілес Сирияда жер сілкінісі құрбандарының саны 1400-ден асты. 3530 адам жараланған. Мұнда да марқұмдардың саны әлі де өсуі мүмкін. Елдің бірнеше қаласында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.   

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу