Түркия мен Сирияда зілзала құрбандарының саны 37 мыңнан асты
Түркия мен Сирияда зілзала құрбандарының саны 37 мыңнан асқан. Түркияда 31 мыңнан астам, ал Сирияда 5700 адам қаза тапты. Апат болған аймақтарда азық-түлік, су, дәрі-дәрмек, көтергіш крандар тапшы. Он қаладағы 42 мыңдай ғимарат толықтай қираған, қатты зақымданған немесе бұзуды қажет етеді. «Рейтердің» дерегіне сай, Түркияға зілзадан 84 млрд доллар шығын келген. Елде қуаты 7,8 балдық жер сілкінісі ақпанның 6-да болды. Сол күні тағы бір қуатты зілзала мен ондаған дүмпу болған. Бұдан кейін ережеге бағынбаған сапасыз құрылыс мәселесі қайта көтерілді. Ал жер сілкінісі кезінде құлаған ғимараттарды салған компаниялардың 12 өкілі ұсталып, тағы 131 адам тергеліп жатыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде бір жылда 298 медициналық мекеме салынды
22.01.2026, 21:36
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері марапатталды
22.01.2026, 21:36
«Келешек мектептерінің» 40 пайыздан астамы ауылдық жерде ашылды
22.01.2026, 21:34
«Ақтөбе – Ұлғайсын» төрт жолақты жолының құрылысы 2 жылда бітеді
22.01.2026, 20:46
«Келешек мектептері»: 7 мектепте үш ауысым мәселесі шешілді
22.01.2026, 20:32
Шетелдік сарапшылар: Қазақстанда ауқымды демократиялық реформалар жүзеге асып жатыр
22.01.2026, 20:28
Конституциялық реформа – бетбұрыс кезеңі
22.01.2026, 20:27
Техникалық апатқа байланысты арнайы комиссия құрылды
22.01.2026, 20:19