Халық пікірі: Мәжіліс сайлауынан халық оң өзгеріс күтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық пікірі: Мәжіліс сайлауынан халық оң өзгеріс күтеді

31.01.2023

«Қазақстанның келешегі жарқын . Еліміз жаңарған әрі дамыған демократиялық мемлекет болу жолында алғашқы қадамдарын жасап келеді. Оған айқын дәлел былтыр өткен референдум. Ал, алдағы болатын Мәжіліс сайлауы саяси өзгерістердің жалғасы». Тұрғындар пікірі осылай.

Реформа жасау үшін жаңа адам, жаңа идея керек болды. Бұл енді Президентіміздің дұрыс саясаты. Менің ойымша Қазақстанның келешегі өте жақсы болады. Біз ол жақсылықты 2024 жылдың ортасынан сезіне бастаймыз деп ойлаймын.

Жаңа депутаттарды сайлау дұрыс деп ойлаймын. Өйткені жастар да келсе, сол депутаттардың арасында Қазақстанда көп нәрсе өзгереді деп ойлаймын.

Қазір Жаңа Қазақстанда жастар өте белсенді. Бәрі жақсы. Халықты ойлайтын адам келеді деп ойлаймын.

Ашық көрсетіп жатыр. Демократиялық мемлекет екенімізді көрсетіп жатыр. Сондықтан президент қолға алған реформалардың бәрі өте жақсы деп ойлаймын.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу