Сайлау-2023: Халық сайлаудан оң өзгерістер күтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау-2023: Халық сайлаудан оң өзгерістер күтеді

13.03.2023

Сайран Бұқанов, Еңбек ері:

Мен біраз сайлауға қатыстым. Бірақ бұл сайлау ерекше. Жалғыз партиялық тізім емес, мажоритарлық мандаттар да бар.Бәсекелестік көбейеді. Жаңа адамдар барады. Еліміздің азаматтарына сайлауда дауыс беруге баршаңызды шақырам. Белсенді болып, бәріміз бір адамдай болып, дауыс беру керек.

Алдағы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына ел тұрғындары бейжай қарамайды. Бүгінде партиялар мен өзін-өзі ұсынған кандидаттардың сайлауалды бағдарламасымен көпшілік етене танысып үлгерді. Сондықтан, халық саяси додадан кейін елімізде оң өзгерістер жалғасын табады деген пікірде.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу