Елімізде 1 миллион оқушы кәсіби тестілеуден өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 1 миллион оқушы кәсіби тестілеуден өтеді

31.01.2023

1 млн оқушы кәсіби тестілеуден өтеді. Елде «Мамандығым – болашағым» жобасы іске қосылмақ. Өйткені, түлектердің көбі мамандық таңдауда қателеседі. 80 пайызы ата-ана мен мұғалімнің ықпалынан шыға алмайды. Соның салдарынан, қазақстандықтардың жартысынан көбі өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жүрген жоқ. Осы түйткілдерді шешу үшін енді мектептерде оқушы кәсіби диагностикадан өтеді. Ғылым және жоғары білім министрлігі осындай жобаны қолға алды. Биыл 500-ден астам мектеп қамтылады. Әсіресе, шалғайдағы ауыл-аймақтарға екпін берілмек.

Ақерке Абылайхан, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі Білім комитеті төрағасының орынбасары:

Жобаны ҒБМ қолдап отыр. Жалпы барлық мектептерде бүгінгі күнде проф ориентация бір маман осы мәселемеен тікелей айналысады. Яғни жас буынның келешек мамандығына дұрыс таңдау бұл өте маңызды. Бұл жерде әр баланың ерекше қабілеті ескеріледі.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу