Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде инфляция 12 пайыздан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде инфляция 12 пайыздан асты

27.01.2023

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде инфляция 12 пайыздан асты. Ал Ресейде жалпы ішкі өнім кеміп, қымбатшылық күшейіп барады. Бізбен тікелей байланысқа Мәскеудегі тілшіміз Индира Бегайдар шығып тұр. Индира, қандай тауарлардың құны өсті? Жалпы қымбатшылықпен күресу үшін не істеліп жатыр?

Индира Бегайдар, тілші:

Соңғы бір жылдың ішінде 500 тауар түрі 160 пайызға дейін қымбаттаған. Бұл – күнделікті тұтынатын тауарлар. Жалпы, осы күні күні Ресейге салынған санкция 10 мыңнан асты. Сондықтан экономика құлдырап барады. Шектеулердің салдары қарапайым халық қиын тиіп тұр. Үкімет бағаны ұстап тұру үшін ұлттық қордан қаржы бөлген, дегенмен нәтиже байқалмайды. Өйткені экспорт та, импорт та күрт төмендеді. Сонымен қатар елде техника жоқ. Сондықтан компаниялар көрші елдерден ұсталған телефон сатып алып жатыр.

Герман Клименко, Цифрлық экономиканы дамыту қорының төрағасы:

Қазірдің өзінде Ресейде телефондардағы барлық ақылы сервистер тоқтатылды, әлемдік бағдарламалардан ажыратылдық. Смарфтондарға ештеңе жүктелмейді. Алдағы уақытта барлық ел аумағында смартфондардың жұмысы бұғатталуы мүмкін.

Ресейде жұмыссыздар да көбейіп келеді. Бүгінде бұл сан 4 млн-ға жуықтады. Сондықтан елде үй сатып алатындардың саны азайған. Мәселен, ипотекаға сұраныс бірден 40 пайызға төмендепті. Сарапшылар алдағы екі жыл Ресей экономикасын рецессия күтіп тұрғанын айтады.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу