«Байтақ» және Respublica партиялары бірқатар өңірде мәслихат депутаттарын сайлауға қатысады
Орталық сайлау комиссиясы «Байтақ» және «Республика» партияларына бірқатар өңірде мәслихат депутаттары сайлауына қатысуға рұқсат берді.
Қос партия бір апта ішінде республикалық маңызы бар қалалар мен облыстарда филиалын ашып үлгерген. Сондай-ақ, комиссия мәжіліс сайлауына жарнасыз қатыса алатын партиялар тізімін ұсынды.
Асылбек Данияр, тілші:
19 наурызда өтетін Мәжіліс сайлауына тіркелген барлық 7 партияның қатысатынын бұған дейін айтқан едік. Ал мәслихат сайлауына «Байтақ» пен «Республика» партиялары филиалдарының өңірлерде ашылмауына байланысты қалыс қалу мүмкіндігі сөз болды. Алайда саяси ұйымдарға ақпанның сегізіне дейін уақыт берілген еді. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы «Байтақ» партиясына 15 өңірде, «Республика» партиясына 19 өңірде мәслихат сайлауына қатысуға рұқсат берді. Орталық сайлау комиссиясы бұған дейінгі таңдаушылар даусының бес және одан да көп пайызын жинаған партиялардың Мәжіліс сайлауына тегін қатыса алатынын мәлімдеді. Бұл тізіміде «Аманат», «Ақ жол», «Қазақстан халық партиясы» мен «Ауыл» партиясы бар. Ал 3 пен 5 пайыз аралығында дауыс жинағандар жарнаның 50-70 пайызын төлейді. Мұндай жеңілдіктер мәслихат депуттарына да қарастырылған. Партиялар мен кандидаттарды ұсыну 8 ақпанда аяқталады. Ал оларды тіркеу 18 ақпанға дейін жалғасады.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10