АҚШ пен Германия Киевке танкілер бермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ пен Германия Киевке танкілер бермек

25.01.2023

Ұзаққа созылған пікірталастардан кейін АҚШ пен Германия Украинаға танк беруді жоспарлап отыр. Мұны «Рейтер» және «Би-Би-Си» агенттіктері хабарлады. Бұл ақпаратқа сай, Байден әкімшілігі 30 «Абрамс» танкісін, ал Германия «Леопард-2»-нің 14 данасын беруі ықтимал. Еуропаның бірқатар елі Киевке танкілерді жіберу үшін Берлиннің шешімін күтіп отырған еді. Украина болса, бұл техниканың көмегімен Ресей басып алған жерлерді қайтаруға ниетті екенін мәлімдеді. Ал Мәскеу бұл ақпаратты «арандатушылық» деп атады. Сонымен бірге Германияның мұндай шешімі «еш жақсылық» әкелмейді деп мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу