Ақтөбе облысында жол апатынан зардап шеккен жаттықтырушы қимылсыз жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында жол апатынан зардап шеккен жаттықтырушы қимылсыз жатыр

25.01.2023

Ақтөбе облысында жол апатында зардап шеккен жаттықтырушының жағдайы әлі қиын. Дәрігерлердің айтуынша, оның орталық жүйке жүйесіне зақым келген. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, спорт мектебі директорының орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатыр.

Естеріңізге салсақ, жол апаты бір айдан астам уақыт бұрын болған. Темір ауданынан Ақтөбе қаласындағы волейбол жарысына бара жатқанда көлік аударылып, 9 оқушы мен жаттықтырушы зардап шеккен. Бір бала оқиға орнында көз жұмған. Жарақат алған басқа балалардың бәрі аурханадан шықты. Осы қайғылы жағдайдан кейін облыстағы спорт мектептеріне арнайы автобустар сатып алынбақ. Себебі 40-қа жуық спорт мектебінің тек тоғызында ғана автобус болған.

Евгений Гончаров, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

Облыстың барлық ауданына 12 автобус аламыз. Келесі аптада байқау жариялануы тиіс. Көктемде мәселе толығымен шешіледі. Облыстық бюджеттен қаржы бөлінеді. Бұл көліктер 16 орындық болуы мүмкін.


Ж. Кемал

Хабарламаларға жазылу