VIII шақырылым: Сенаторлардың өкілеттігі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

VIII шақырылым: Сенаторлардың өкілеттігі басталды

25.01.2023

Жаңадан сайланған сенат депутаттарының өкілеттігі басталды. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы депутаттарды тіркеп, тиісті қаулыға қол қойды. Конституцияға сәйкес осы шақырылымнан бастап Сенат Мәжіліс қабылдаған заң жобаларын қабылдамайды, тек депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен мақұлдайды. 

Асылбек Данияр, тілші:

Жиын жаңа ғана аяқталды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жаңадан сайланған және тағайындалған 33 сенаторға куәлік пен төсбелгілерін табыстады. Осы сегізінші шақырылымнан бастап жоғарғы палата өкілдерінің саны 50 болады. Конституцияға сәйкес сенатқа әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала мен астанадан екі депутаттан сайланды. Сондай-ақ Ата заңның жаңа редакциясы бойынша Президент сенаттағы он депутатты тағайындады. Олардың бесеуі Қазақстан халқы ассамблеясының ұсынысы бойынша таңдалды. Сенат Мәжіліс қабылдаған заң жобаларын қабылдамайтынын атап өттік. Ал қазір төменгі палатаның таратылуына байланысты сенаторлар мәжіліс қайта жасақталғанша заң шығарушы және заң бекітуші орган қызметін атқарады

Хабарламаларға жазылу