Колумбияда 12 тонна кокаин тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Колумбияда 12 тонна кокаин тәркіленді

09.11.2017

Колумбияда рекорттық көлемде 12 тонна кокаин тәркіленді. Оның құны 360 миллион доллар шамасында. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, есірткі Антьокия аймағында 4 фермадағы жерасты қоймаларында банан жапырақтарымен жабылған күйінде табылған. Бұл операцияға 400-ге жуық полиция офицері тартылды.

Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, ірі есірткі партиясы «Клан дель Кольфо» атты картельге тиесілі. Бұл қылмыстық ұйым «ФАРК» қарулы тобының қарамағында болған екен. Ел президенті Хуан Мануэль Сантостың сөзінше, осындай мөлшерде есірткінің тәркіленуі тарихта бұрын-соңды болмаған.

Хуан Мануэль Сантос,  Колумбия президенті:

 - Бүгін шетелдік барлау қызметінің көмегімен полиция операциясы сәтті өтіп, тарихта  ең ірі көлемде кокаин тәркіленіп отыр. Есірткімен күрес жүргізіліп жатқан осынау  40 жыл ішінде мұнша рекордтық мөлшерде 12 тонна кокаин тәркіленіп көрген жоқ.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу