Ел аумағындағы шетелдік көліктердің алғашқысы Алматыда тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел аумағындағы шетелдік көліктердің алғашқысы Алматыда тіркелді

23.01.2023

Ел аумағындағы шетелдік көліктердің алғашқысы Алматыда тіркелді.

Шаһар тұрғыны Сейілбек Олжабеков Армениядан алып келген көлігін заңдастырғанын айтты. Көпбалалы әке енді еш уайымсыз жолаушы тасымалымен айналысатынына қуанышты.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бүгін сырттан әкелінген көліктерді заңдастыру басталды. Талапқа сай келетіндер ғана тіркеледі. Олар - шетелде есепте тұрған жеңіл көліктер, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктері мен басқаруы оң жақтағы автокөліктер. Әрі елге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінуі тиіс , криминалдық есепте тұрмауы керек. Бұрын тіркелген жерінен есептен шығарылуы қажет. Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі шарт. Өтінім қабылдау 1 шілдеге дейін жалғасады. Алғашқы тіркеу құны - 200 мың теңге.


Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу