Ұлттық арнадағы «Ниет» бағдарламасына қатысқан көпбалалы анаға белгісіз көрермен баспана сыйлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнадағы «Ниет» бағдарламасына қатысқан көпбалалы анаға белгісіз көрермен баспана сыйлады

10.09.2019

Игі істер үшін ниет керек! Ұлттық арнада жаңа маусымда эфирге шыққан әлеуметтік тележобаның арқасында бүгін елордалық көпбалалы ана баспаналы болды. Әрі бір емес, екі бірдей пәтерді иеленіп қайтты. Арнамызға көмек сұрап келген шарасыз анаға шарапат еткендердің бірі - Қоянды ауылының тұрғыны. Ол тікелей эфир барысында хабарласып, көпбалалы отбасыға екі бөлмелі пәтер сыйлайтынын айтты.

Сондай-ақ эфир кезінде «Қарекет» қайырымдылық қорының өкілдері де әрекет етуді жөн санап, көпбалалы анаға үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Айта кетейік, бұл - «Ниет» бағдарламасының екінші шығарылымы. Күні кеше тележобада 1 жасар сәби Түркияға ем алу үшін аттанған болатын. Жалпы, Ұлттық арнаның жаңа маусымда көрерменге ұсынары аз емес. Жұмыс күндері тікелей эфирде «Ашық алаң» қоғамдық-саяси ток-шоуында еліміздегі ең өзекті мәселелер талқыланады. Ал белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлы аптасына бір рет ел ағалары, мемлекет, қоғам қайраткерлері, лауазымды тұлғалардан сұхбат алып, қоғамды толғандырар сұрақтарға жауап іздейді.

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу