Таразда базар отқа оранды: Зардап шеккендер жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда базар отқа оранды: Зардап шеккендер жоқ

20.01.2023

Таразда базар отқа оранып, өрт сөндірушілер қызыл жалынмен 2 сағат арпалысты. Оқиға орынына арнайы барған тілшіміз тікелей байланыста. 


Нұрдос Болатұлы, тілші:

Зардап шеккендер жоқ. Бірақ өрт сөндірушілер 4 адамды құтқарған. Өрт 2 қабатты сауда орталығының шатырынан шыққаны айтылды. Бұл базарда негізінен мата, көрпе, перде мен тігін құралдары сатылады. Барлығы тез жанатын заттар. Сондықтан болуы керек, әп-сәтте жалын мың шаршы метрден астам аумақты шарпыған. Сол сәтте қаланың бір бөлігін қою қара түтін басты. Оқиға орнына 64 өрт сөндіруші мен 17 техника жұмылдырылып, тілсіз жаудың бетін қайтарды. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі мәлімет бойынша, 44 сауда дүңгіршегі жанып кеткен. Кәсіпкерлерге қандай көлемде шығын келтірілгені әзірге белгісіз. 

Нұрдос Сембек

Хабарламаларға жазылу