Мектептерде соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады
Енді мектептерде соңғы қоңырау 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнінде соғылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің өкілі айтты. Бірақ бұл оқу күндері көбейіп, каникул қысқарады деген сөз емес. Оқушылар әдеттегідей 170 күн оқып, 195 күн демалады. Оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Өткен жылы тамызда министрлік оқу жылын екі аптаға ұзарту жөнінде шешім қабылдаған болатын. Еске салайық, кеше Мәжіліс отырысында депутат Аманжол Әлтай соңғы қоңырау өтетін күнді ауыстыруды ұсынған еді. Себебі, 31 мамыр елімізде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азаматтардың 72%-ы сайлауда дауыс беруге дайын – Еуразиялық интеграция институтының сауалнамасы
15.07.2026, 10:31
Әлем жаңалықтарына шолу
14.07.2026, 20:13
Франция мен Испания финал жолдамасы үшін таласады
14.07.2026, 20:13
Есік көлінің маңы қоқыстан тазартылды
14.07.2026, 20:13
Саясаткерлер мен партияларға бөлінетін қаржы қатаң бақыланады
14.07.2026, 20:12
Халықтық Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі
14.07.2026, 20:11
Саясаттанушы: Құрылтай – үлкен саясат алаңы
14.07.2026, 20:10
Заңгер, қоғам қайраткері Сабыр Қасымовтың 75 жылдығына арналған ғылыми конференция өтті
14.07.2026, 20:09