Сенат майнинг қызметін реттейтін құжатты Мәжіліске қайтарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат майнинг қызметін реттейтін құжатты Мәжіліске қайтарды

19.01.2023

Сенат цинфрлық майнинг қызметін реттейтін заң жобасы мен ілеспе құжаттарды Мәжіліске кері қайтарды.

Қаржы және бюджет комитеті заңды талқылау кезінде бірқатар ескертулер мен ұсыныстар айтылып, түзетулер енгізген. Редакциялау барысында компанияларды цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың атауын нақтылау ескерілген. «Бұл қызметті жарнамалауға қатысты нормаларды алып тастау жағы да ұсынылды. Заң жобасында құжаттың қашан қолданысқа енгізілетін мерзімі көрсетілмеген», - дейді депутат Бекболат Орынбеков.

Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Цифрлық майнерлерге электр энергиясын жалпы электр жүйесінен тікелей алуға тыйым салынады. Олар ток қуатын жалпы энергетикалық жүйеде профицит болған жағдайда ғана және тек қана электр энергиясы мен қуат нарығының қазақстандық оператор биржасы арқылы сатып ала алады. Бұл көлем үшін баға шектеулері алынып тасталады және сауда тек нарықтық тетіктермен жүзеге асырылатын болады.

Хабарламаларға жазылу