Сенат бірқатар заң жобасын Мәжіліске қайтарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат бірқатар заң жобасын Мәжіліске қайтарды

14.06.2018

«Қазақстанның кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасында ауыл әкімдерін халықтың сайлау мүмкіндігі туралы норма болған еді, алайда, жоғары палата бұл норманы алып тастады. Жалпы, құжатқа бірнеше өзгеріс енгізілмек. Түзетулер лауазымға сайлаудың және лауазымнан босатудың қолданыстағы тәртібін сақтау қажеттігіне байланысты енгізіледі. Талқылаудан кейін сенаторлар заң жобасын Мәжіліс қарауына бағыттау шешімін қабылдады.

 

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу